– Аманаттықтар бірлесіп әрбір қала, аудан, ауылдағы әр отбасының өмірін жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспарын жасады. Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық- түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады, – деді үміткер.Айта кетейік, «AMANAT» партиясының әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға күш салады. Осы мақсатта азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз етеді. – Азаматтардың нақты табысын арттыру, еңбек жағдайы мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту – біздің негізгі міндетіміз. Сондықтан қашан да халықпен бірге болатын «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді кандидат Болат Нұрпейісов.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.