«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Қайыржан Құсайынов пен Руслан Әубәкіров Жақсы аудандық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кандидат партияның Ақмола облысында алдағы бес жылдықтағы жоспарымен бөлісіп, 2027 жылға дейін жүзеге асырылатын партияның негізгі міндеттерін атап өтті.
«Бағдарламамыз партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардың өтініштері мен түскен тапсырыстар негізінде жазылды. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас және мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспары бар! Біз бүкіл облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуге дайынбыз және өңірімізді, Қазақстанымызды бірге дамытуға шақырамыз», – деді Руслан Әубәкіров жиналғандарға.
Партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндіктер беру, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицина алу үшін жағдай жасау, бұқаралық спортты, мәдениет пен демалысты дамыту, сондай-ақ жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері енгізілген.
«АМАNАТ партиясы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы, балабақшалардың, мектептердің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, спорт және мәдениет нысандарының болуы, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, халықты баспанамен, ауызсумен, газбен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, т.б. мәселелерін шешеді. Осының барлығы бес жыл ішінде студенттік орын тапшылығын жойып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті Қайыржан Құсайынов.