Қарағанды қаласында «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде. «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар «ӨИК «Ютария ltd» ЖШС тігін компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде партияның жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі міндеті, сондай-ақ бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселе көтерілді.
ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидат Бауыржан Смагулов бұл мәселе «AMANAT» сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар өнеркәсіптің барлық салаларын көтеру елдің дамуы үшін маңызды мәселе болатынын ескерді.
Тапсырыс беруші: Б.К.Алтынбеков
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған
«AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.