19 наурызға бекітілген Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына «AMANAT» партиясының Индер ауданы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Индербор кентінің орталығында ауданның белгілі тұлғалары, қоғам белсенділері, жастар және сенімді өкілдерінің жиналуымен кандидаттың шағын штабы құрылып, барлық заңдылықтарды сақтай отыра сайлауалды бағдарламасын халыққа насихаттау жұмысы талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес, кандидат Саламат Нұрмұханұлы сайлауалды насихат жұмыстарын атқару мақсатында Индер ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ елді мекеннің сән-салтанат құрып көркеюіне, демографиясы мен мәдениетінің дамуына негіз болатын бірден-бір денсаулық, білім және мәдениет екенін ескере отыра, аудан ауруханасының, М.Әуезов атындағы орта мектептің, мәдениет үйі мен кітапхананың қызметкерлерімен кездесті.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді