Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,59 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 441, 12 теңге.
Ұлттық банктің 9 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 438, 57 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 443 теңге, сатып алу – 447 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 446 теңге.
Ресей рублі 5,65-5, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.