Сот «Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 миллион теңге айыппұл салды

Сот «Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 миллион теңге айыппұл салды

Астанада жасыл желекті күтіп-баптауға бөлінген қаржыны жымқырғандар жазаланды. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл желекті күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды. Биыл 3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.