«AMANAT» партиясы: мәдени мұрамызды сақтаймыз
«AMANAT» партиясы: мәдени мұрамызды сақтаймыз
447
оқылды
Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер облыстық халық шығармашылығы үйінің қызметкерлерімен кездесуде мәдениет саласының қалай жаңғыртылатынын айтып берді. Жиналғандарға Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жұлдыз Қожабекова, Айгүл Нұркеева «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарын түсіндірді. Олар алдағы уақытта мәдениет нысандарының инфрақұрылымы жаңартылатынын, бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасалатынын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік берілетінін айтты.
– Мәдениет саласында оң өзгерістер болады. Атап айтсақ, мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау, бос уақытты тиімді өткізу үшін ауылдарда жаңа нысандар салу, бірқатар ғимараттарды жөндеу шаралары жүргізіледі. Облыста 9 мәдениет және архив нысанын салу, 25 ғимаратты жөндеу жоспарлануда. Киелі жерлерге өлкетану экспедициялары ұйымдастырылады және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған мәдени шаралар өткізіледі, – деді Айгүл Нұркеева.
AMANAT – «АМАNАТ» партиясы мәдениет саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешеді. Әлеуметтік нысандар, оның ішінде мәдениет үйлері, кітапханалар, шығармашылық орталықтар, үйірмелер облыстың барлық тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Бұл, әсіресе, аудан тұрғындарына қатысты. Олар заманауи құрал-жабдықтармен, музыкалық аспаптармен, шығармашылық бастамаларды дамытуға қажетті құралдармен жабдықталуы керек. Cондай-ақ партия еріктілер санын көбейтуді жоспарлап отыр. Жастар ұлттық мәдениетті қалың бұқараға, қатарластары арасында белсенді түрде насихаттайтын болады. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі де назарда болады. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, – деді Жұлдыз Қожабекова. Депутаттыққа үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басқа да бағыттарын түсіндіріп, жиналғандарды сайлауға қатысуға, партияны қолдауға шақырды. Халық шығармашылығы үйінің қызметкерлері үміткерлерді қолдап, сайлауға қатысатындарын жеткізді.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді