Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер облыстық халық шығармашылығы үйінің қызметкерлерімен кездесуде мәдениет саласының қалай жаңғыртылатынын айтып берді. Жиналғандарға Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жұлдыз Қожабекова, Айгүл Нұркеева «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарын түсіндірді. Олар алдағы уақытта мәдениет нысандарының инфрақұрылымы жаңартылатынын, бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасалатынын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік берілетінін айтты.
– Мәдениет саласында оң өзгерістер болады. Атап айтсақ, мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау, бос уақытты тиімді өткізу үшін ауылдарда жаңа нысандар салу, бірқатар ғимараттарды жөндеу шаралары жүргізіледі. Облыста 9 мәдениет және архив нысанын салу, 25 ғимаратты жөндеу жоспарлануда. Киелі жерлерге өлкетану экспедициялары ұйымдастырылады және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған мәдени шаралар өткізіледі, – деді Айгүл Нұркеева.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді