«AMANAT» партиясы халықтың сеніміне сүйене отырып, барлығын Әділетті Қазақстанды құру идеясы шеңберіне бірігуге шақырады. Бұл – сайлаушылар аманатын орындайтын, халық үнін еститін партия. Мен партияға сенемін. Сіздер де сеніңіздер! Барлығыңызды сайлауда күтемін», – деді С.Айтбаева.Мемлекеттік академиялық филармония директоры Ерлан Дәкеновтың айтуынша, «AMANAT» партиясы кәсіпкерлік бастамаларын қолдау шеңберінде әрбір 10 мың халыққа кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашуды мақсат көздейді.
«Өңдеу өнеркәсібінің үлесін 10%-ға арттыру, мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсету, 3000 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарда тұр. Басты мақсат – Астананы бәсекеге қабілетті қалаға айналдыру, экономиканың негізгі салаларының базасында жұмыс орындарын құру», – деді Ерлан Дәкенов.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.