Арман Қалықов көмір өнеркәсібінде 30 жылдан астам еңбек етті. 1991 жылы Шахтинск қаласының Ленин атындағы шахтаның тазарту кенжарының жерасты тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істей бастады. Көптеген жылдар өткен соң "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Көмір департаментінің директоры болды.
Бүгінгі кеншілермен кездесудің мақсаты "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат А.Қалықов ұсынатын платформаның мәнін түсіндіру.
- Әр қызметкер қорғалуы керек. Сұрақтар көп. Дегенмен біз алдымызға қойылған міндеттерді шешетін боламыз, - деп атап өтті А. Қалықов.Ол сондай-ақ кеншілердің проблемалары мен ұсыныстарын тыңдады. Кеншілер ең өзекті мәселелердің бірі зейнеткерлік жасты төмендету екенін атап өтті. Саран шахтасының кеншілері А. К. Калыковтың кандидатурасына қолдау білдірді.
Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді