"AMANAT" партиясы Шахтинск қалалық мәслихатына үміткер Алмас Омарбеков "Табыс" сауда үйі ұжымымен кездесті
"AMANAT" партиясы Шахтинск қалалық мәслихатына үміткер Алмас Омарбеков "Табыс" сауда үйі ұжымымен кездесті
440
оқылды
"Есіктен есікке": Қарағанды аймағында сайлаушыларды "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда "AMANAT" партиясы Шахтинск қалалық мәслихатына үміткер Алмас Омарбеков "Табыс" сауда үйі ұжымымен кездесті. Кездесу партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша акция түрінде өтті. Басты мақсат - Шахтинск қаласы мен оған қарасты кенттер тұрғындарының әрқайсысына сайлауалды бағдарламасын түсіндіру, сайлаушыларды депутаттыққа үміткерлермен таныстыру және алдағы сайлауға шақыру болды.  width=
"Аманат" партиясының сайлауалды бағдарламасы, бірінші кезекте, тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Менде біздің ортақ мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда талап пен мүмкіндіктер бар.Мемлекетіміздің мықты және табысты болуы біздерге байланысты емес пе?!  Менде біздің өміріміздің деңгейін көтерудің нақты стратегиясы бар. Біз барлық саланы дамытуды, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын, бәсекеге қабілетті мамандардың өз елінде жетістікке жетуін, жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғын үй мәселесін, көптеген әлеуметтік мәселелерді біртіндеп шешуді жоспарлап отырмыз. Сіздер білесіздер, жас мамандарды қолдау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру бойынша партия үлкен бәс тігіп отыр және "Аманат" партиясының басты бақылауында. Болашақ ұрпаққа абыройлы мұра қалдыру үшін әрқайсымыз дұрыс таңдау жасауымыз қажет," -  деп Алмас Омарбеков атап көрсетті.
  Сайлау науқаны қарсаңында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында "Есіктен есікке" акциясы  күнделікті өткізілуде. Акция барысында үміткерлер аға буын өкілдерімен, жастармен, кәсіпкерлермен,  ауыл шаруашылығы саласы мамандарымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдауда.

Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді