ЖСДП LRT құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін митингте талқылады
ЖСДП LRT құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін митингте талқылады
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
717
оқылды
Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) ұйымдастыруымен «LRT – сыбайлас жемқорлық ескерткіші» тақырыбында митинг өтті.
«LRT құрылысы кезінде 6 әкім ауысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тек 17%-ы орындалды. Қоғамдық талқылаулар болған жоқ», – дейді Мәжіліс депутаттығына социал-демократтар тізімі бойынша үміткер Асхат Рақымжанов.
Нұрлан Әуесбаев құрылыс саласында жемқорлық белең алғанын, заңсыз әрі тұрғындардың пікірі ескерілмей құрылыс жүргізілетінін айтты. Ал Мақсұт Насибұлов құрылыс саласында тамыры тереңге кетіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаңдаушылығын білдірді. Митинг соңында арнайы шешім қабылданып, мемлекеттік органдарға жіберілді.