BIR TOLQYNDA: жастарға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
BIR TOLQYNDA: жастарға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
748
оқылды
Қостанай қаласында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша жастармен бірге  Bir Tolqynda  диалог алаңы өтті. Партия өз алдына жастарды қолдау және дамыту үшін нақты міндеттер қояды. Кездесуде спикерлер ең үлкен және маңызды түзетулер туралы айтып, жастар үшін қандай маңызға ие болатынын түсіндірді.
– «AMANAT» партиясы жастар үшін әділ әлеуметтік лифтілер құру міндетін өз мойнына алады. 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ  партия студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды арттырады және студенттік жатақханаларда тұру жағдайларын үнемі қадағалап отырады, – деп атап өтті кандидат Серік Манасбаев.
BIR TOLQYNDA Айта кетейік, «AMANAT» партиясы жастар үшін әділ "әлеуметтік лифті"  құру міндетін өз мойнына алуда. – Біздің жастар еліміздің дамуына өз күштерін салуға дайын. Жастар жаңа цифрлық ортада жұмыс істеп, робототехника және компьютерлік бағдарламалау негіздерін, ақпаратты іздеу дағдыларын, логиканы, креативті және сыни ойлауды меңгереді. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми әзірлемелерге 1 000 грант бөлінетін болады, – деп толықтырды кандидат Аруна Жақсағұлова.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры  қаражатынан төленді.