Қостанай қаласында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша жастармен бірге Bir Tolqynda диалог алаңы өтті. Партия өз алдына жастарды қолдау және дамыту үшін нақты міндеттер қояды. Кездесуде спикерлер ең үлкен және маңызды түзетулер туралы айтып, жастар үшін қандай маңызға ие болатынын түсіндірді.
– «AMANAT» партиясы жастар үшін әділ әлеуметтік лифтілер құру міндетін өз мойнына алады. 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ партия студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды арттырады және студенттік жатақханаларда тұру жағдайларын үнемі қадағалап отырады, – деп атап өтті кандидат Серік Манасбаев.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.