Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Дина» базарында қоғамдық қабылдау өткізді. Мәжіліс, облыс және қалалық мәслихатқа үміткерлер сауда орталығына келушілерге партиялық сайлауалды бағдарлама, негізгі ұстанымдар туралы айтып, ұсыныс-пікірлерді де тыңдады.
Мәселен, келушілердің бірі аялдамалар мәселесін көтерді. Олар жазда салқын, қыста жылы болуы тиіс аялдамалардағы арнайы бөлмелердің іші көп жағдайда қараусыз қалатындықтан, тұрақты мекенжайы жоқ жандар мен ішімдік ішкен жандардың тұрағына айналатынын атап өтті. Сонымен қатар, іші лас, жолаушылар үшін қолайсыз екенін де жеткізді.
Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы «AMANAT» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді