«AMANAT» партиясының кандидаты Илья Смоляков облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде дәрігерлерді кәсіби қауіптерден қорғау қажеттігі айтылды. Дәл осы мәселеге партиялық бағдарламада басымдық берілген.
– «AMANAT» партиясы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мемлекет қамқорлығына алынатынына кепілдік береді. Дәрігер мәртебесі заңнамалық түрде бекітіледі. Сондай-ақ партия еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал етеді. Дәрігерлерімізді кәсіби қауіптерден қорғау қажет, әйтпесе уақыт өте келе медицинада жаңа кадр тапшылығы болуы әбден мүмкін, – деді облыстық мәслихатқа үміткер Илья Смоляков.
Айтуымыз керек, «AMANAT» партиясы медицина саласындағы тағы бірқатар мәселесіні шешуге ниетті. Мәселен:
- тар шеңберлі мамандықтағы медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін даярлауға арналған гранттар саны артады.
- барлық медициналық жоғары оқу орнының дербес клиникалары болады.
- инсульт орталықтары мен коронарлық көмек беру орталықтарының желісі кеңейтіледі.
- барлық денсаулық сақтау ұйымындағы заманауи жабдықтардың үлесін 70%-ға жетеді.
– Біз денсаулық сақтау саласындағы нұсқаулық алудан бастап, еңбекке жарамсыздығы туралы анықтамаға дейінгі барлық құжаттаманы электронды форматқа ауыстырамыз. Медицинаны түбегейлі жақсарту үшін «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді кандидат Илья Смоляков.
Кездесу соңында ұжымның ұсынысы тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді