Талғар ауданында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айдар Сарипов аурухана дәрігерлерімен кездесті.
Мұндағы мақсат – саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстыру.
Облыстың медициналық мекемелерінде 2,8 мың дәрігер және 9,1 медбике жұмыс істейді. 181 (53,2%) денсаулық сақтау ұйымдары жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналастырылған, Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 40,1%-ды құрайды. Аймақ бойынша 105 дәрігер тапшылығы байқалады. Сондықтан «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында осы проблемалардың шешілу жолын айқындаған. Талғарлық медицина мамандарымен кездесуде Айдар Сарипов осы тақырып төңірегінде сөз қозғады. Партияның 2027 жылға дейінгі жоспарын кеңінен түсіндірді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді