Балқаш ауданында Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бақыт Атайбеков кездесу өткізді. Үміткер ауыл тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапардың мақсаты – алдағы саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттау.
Үгіт жұмыстары барысында балқаштық ағайынға «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жоспары таныстырылды. Кандидаттың сөзіне сүйенсек, 2027 жылға дейінгі партия жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңір әлеуетін арттыруға бағытталмақ. Осы орайда, өндіріс орындары санын арттыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп жол, білім, туризм саласын өркендетуге күш салынады.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді