«Әлбетте, мүгедектігі бар жандардың қоғамда еркін жүріп-тұруына, жұмыс істеп, уақытын қызықты өткізуіне жағдай жасалған десек, артық айтқандық болар. Әйтсе де мемлекет тарапынан барлық мекеме-ұйымдардың, қызмет көрсету орындарының, қоғамдық көліктердің мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін біршама жұмыстар атқарылып жатыр», – деді Ардақ Оторбаев.Үміткер мәслихат депутаты болып сайлана қалған жағдайда бірінші кезекте халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін көтеретінін, елорданың мүгедектігі бар жандарға ыңғайлы қала болуы үшін еңбек ететінін жеткізді. Ардақ Оторбаев бұған дейін де сөздің емес, істің адамы екенін талай дәлелдеген. Ол мүгедектер сауықтыру техникасының бас конструктор-әзірлеушісі, «Инва-СТО» мүгедектер техникасын сервистік жөндеу және техникалық қызмет көрсету» жобасының жетекшісі болды. Осы еңбегімен-ақ алғысқа бөленген. Ерен еңбегі үшін «Енбек Ері» медалімен де марапатталған. Ол енді Астана қалалық мәслихатының депутаты ретінде халыққа қызмет етуге дайын екенін жеткізді.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.