«AMANAT»: Алматы облысында 70-тен астам туризм нысаны салынады
«AMANAT»: Алматы облысында 70-тен астам туризм нысаны салынады
517
оқылды
Жамбыл ауданына табан тіреген «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депуттатығына кандидат Жанарбек Әшімжанов алдымен жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Жамбыл ақынның рухына тағзым етті. Одан кейін мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Мұндағы мақсат – саяси науқанның маңыздылығын түсіндіру, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру.    width= Кандидаттың сөзінше, партия бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды қолдау, туризмді, ауыл шаруашылығын, білім беру және медицина жүйелерін дамыту, инфрақұрылымға инвестиция тартуды көздейді. Бұған қоса,  қолайлы экологиялық орта құру арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен жағдайларын арттыруға бағытталған.    width= «Мұның бәрі барлық азаматтардың әлеуетін іске асыруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кеген, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласында 70-тен астам жаңа туризм нысанын салуға жағдай жасаймыз. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту арқылы елді мекендерде 15 мың жаңа жұмыс орнын құрамыз. Аграрлық саланы өркендету нәтижесінде әлеуметтік тауарлар санын арзандатуға күш саламыз», − деді жиында сөз алған Жанарбек Әшімжанов. Кандидат сайлауалды бағдарламаны таныстырған соң, сұрақ-жауап кезеңіне өтті. Жиылған жұртшылықты алаңдатқан ауқымды мәселелерді тыңдады. Қатарында шаруаларды қолдау, жұмыссыздықты жою, жол, білім, медицина саласындағы қордаланған проблемалар бар. Жанарбек Әшімжанов барлық сұрақты өзіне тізіп алды. Алда олардың шешілу жолын айқындап, сайлауалды бағдарламадағы нақты шаралармен байланыстырды. Өз кезегінде жиылғандар партияның бастамаларына қолдау білдіріп, сайлау күні дауыс беретіндерін айтты. Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры  қаражатынан төленді.