Кездесуде сайлаушыларға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
«Баян Сұлу» – еліміздегі кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысатын ірі кәсіпорын. Зауыт 300-ден астам тауар түрін өндіреді.
– Қазақстандықтар жоғары сапасымен халықаралық деңгейде танылу үшін «Қазақстанда жасалған» тауарларымен мақтанатын болады. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенім білдіреміз. Ірі, орта және шағын қазақстандық бизнесті қолдау арқылы экономикамызды одан әрі көтере аламыз, – деп толықтырды кандидат.Айта кетейік, «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.