– Біз негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жыл сайын ең төменгі жалақының өсуіне қол жеткіземіз. Біз мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалақысын көбейту арқылы жалақы жүйесін қайта қарастырамыз. Біз әскери ұйымдардағы әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтереміз, – деді кандидат Нұркелген Утеулин.Өз кезегінде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сайлаушылардың мәселелері денсаулық сақтау және кірісті арттыру салаларына қатысты болды. – Қоғамда денсаулық сақтау жүйесіне қатысты көптеген шағым бар. Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Медициналық сақтандыру қорының жұмысында тәртіп орнатылады. Кәсіби дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандары бүгінде үлкен сұранысқа ие. Біз денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтуға ұмтылатын боламыз. Медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануы тиіс, – деп толықтырды облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Татьяна Булгацевич. Іс-шара соңында кандидаттар қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді