Ақтөбе облысының еңбек сіңірген ұстазы Сара Жолдыбаева облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді өкілі Талғат Салфиковпен өткен кездесуде «АМАNАТ» партиясына қолдау білдірді. Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында белгілі ұстаздың үйіне барды. Олар «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттары туралы айтып, партия мүшелерінің алдағы уақытта қандай жұмыстар атқаратынын түсіндірді. Сара Исламғалиқызы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. 1994 жылдан бері зейнеткер. Зейнет демалысындағы ол бүгінде шөбере өсіріп отыр.
– Елімізде тыныштықты сақтауымыз керек. Ол балаларымыздың, немере-шөберелеріміздің болашағы жарқын болуы үшін қажет. Біз гүлденген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елдегі тәртіпті сақтауымыз қажет. Алдағы сайлау тұрақтылық әкелетініне сенімдімін. Менің отбасым партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайды және біз «АМАNАТ»-қа дауыс береміз, – деді Сара Жолдыбаева.Үміткер Бижан Қалмағанбетов ұстазды партия өңірді дамытып, тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатын жақсартуды мақсат етіп отырғанын айтты. – Біз партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылайтын боламыз. Ақтөбе облысының тұрғыны болғандықтан, әрқайсысымыз туған жеріміздің гүлденуі мен игілігі үшін алаңдаймыз. Сіздердің қолдауларыңызбен біз жоспарларымызды іске асырамыз, – дей келе Бижан Қалмағанбетов ұстаз бен оның отбасын дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.