Ұлттық мәдениетті қолдау қашан да маңызды
Ұлттық мәдениетті қолдау қашан да маңызды
821
оқылды
«AMANAT» партиясының кандидаты Сайрангүл Жұмаділова үгіт-насихат жұмыстары аясында Ұлан ауданының Таврия ауылында әйелдер кеңесімен және мәдениет саласының өкілдерімен кеңейтілген кездесу өткізді. Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы партиялық бағдарламаның бағыттарын тарқатып айтып, ұлттық құндылықтарға басымдық берілгенін атап өтті.
– Біз мемлекет тұтастығын, бірлік пен игі іске жұдырықтай жұмылуды белсенді азаматтық қоғамның басымдығы мен көрсеткіші деп санаймыз. Сондықтан ұлтына, сеніміне, тіліне, жынысына немесе материалдық жағдайына қарамастан, әр азаматтың мүддесін ескереміз. Елімізде ана тілі мен ұлттық мәдениетті қолдау және дамыту құқығына ешкім ешқашан нұқсан келтірмейді, – деді Сайрангүл Жұмаділова.
мәдениет Үміткер дамыған мәдениет ұлттың рухани бірлігінің негізі екенін айтып, ұлттық мәдениетті қолдау қашан да маңызды деп ой түйіндеді.
– Біз жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда, 300-ге жуық мәдениет нысанын саламыз және жаңғыртамыз. Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатын болады. «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәрбие беру тұжырымдамасы енгізіледі. Әрқашан тұтас халықтың жанынан табылатын «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер! – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.