– Партия «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды уақытша жұмыспен қамту шараларымен қамтуға өз үлесін қосады, жыл сайын жобаға 1500-ге жуық жас қатыса алады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл сайын кемінде 100 маманды жұмыспен қамту, 400-ден астам кадр тарту, Ақтөбе қаласында 500 орындық студенттік жатақхана салу мәселесі шешіледі, - деді ол.Кездесу барысында тұрғындар ауылдың тұрмыс жағдайына қатысты сұрақтарын қойды. Сазды тұрғын алабының ақсақалдары үміткерлерге сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге баса назар аударуды өтінді. Қайрат Төлеуов ауыл шаруашылығын дамыту сайлауалды бағдарламаға енген басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.
– «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында жыл сайын кемінде 25 іс-шара өткізіп, 400 мың гектардан астам заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастырамыз, – деді ол.Оның айтуынша, бұл салада 500-ден астам жұмыс орны құрылып, 297,7 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Басқосуда тұрғындар сауалдарына жауап берген кандидаттар сайлауалды бағдарламаның маңызды міндеттерінің бірі – өңірдегі барлық баланың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапалы дәрі-дәрмекпен және тұрғын үймен қамту екенін айтты. — Партияның сайлауалды бағдарламасында ең өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қамтылған. Алдағы сайлауда сіздердің әрбіріңіздің дауысыңыз маңызды, – деді Айгүл Дүйсенова.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында
партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау
қорының қаражатынан төленді.