Ақтөбе өңірінде дәрігерлер тапшылығы азаяды
Ақтөбе өңірінде дәрігерлер тапшылығы азаяды
406
оқылды
Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құдайберген Бекенов пен Ерлан Сұлтангереев «Дару» медициналық орталығының ұжымымен өткен кездесуде денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелерін талқылады.  Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында медицина саласында қандай өзгерістер болатынын айтты. Үміткерлер облыста дәрігерлер тапшы екенін, мекемелерге 167 медицина қызметкері қажет екенін жеткізді. Медициналық мекемелерде барлығы 12,2 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді.
–Облыстың әрбір тұрғыны тұрғылықты жеріне қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін елді мекендерде медициналық мекемелер салынады. Дәрігерлер штатын көбейту үшін медицина университетінің түлектері ауылдарға жіберіледі. Онда жұмыс істейтіндерге көтерме жәрдемақы төленеді, баспанамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар біздің дәрігерлер шетелдік медициналық ұйымдарда біліктіліктерін арттыратын болады. Жылына кемінде 12 дәрігер оқуға жіберіледі. Бұл жоспарлардың жүзеге асуына партия өз үлесін қосады, – деген Ерлан Сұлтангереев әріптестерін алдағы сайлауға белсенді қатысып, партияға дауыс беруге шақырды.
Сондай-ақ Құдайберген Бекенов денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер болатынын, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға қаншалықты әсер ететініне тоқталды. Мәселен, алдағы уақытта барлық медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Кемінде 400 бірлік медициналық техника сатып алынады. Бұл жабдықтар ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
– 2027 жылға қарай емдеу мекемелерінің ғимараттарының тозуы 35 пайызға дейін төмендейді. Бейімделген үй-жайларда орналасқан медициналық мекемелердің саны айтарлықтай қысқарады. Ерте диагностика және алдын алу шаралары, міндетті скрининг арқылы аурудың деңгейін айтарлықтай төмендетуге болады. Бұл әсіресе қатерлі ауруларды анықтауға қатысты. Осылайша, халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,5 жасқа дейін ұзарады, — деді Құдайберген Бекенов.
— Біз уәде еткеннің бәріне қол жеткіземіз және халқымыздың өмірін жақсартамыз! Ел болашағына бейжай қарамайтын барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келіп, «АМАNАТ партиясына дауыс беруге шақырамыз! Біз әрқашан әділдік жағындамыз, халық жағындамыз! — деген үміткерлер медициналық орталықтың қызметкерлерін сайлауға қатысуға шақырды. Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.