«AMANAT» партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмысы аясында «Cпортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде өңірдің спорт саласына серпін беру мәселесі талқыланды. Айталық, партиялық бағдарлама бойынша Шығыс Қазақстанда 2027 жылға дейін 13 спорт нысаны салынады. Бұған 3 GYM-орталық, 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт модулі және жүзу бассейні кіреді.
– Сондай-ақ спорт секциялары 1526 бірлікке ұлғайтылады. 100 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алады. Облыста кемінде 3,6 мың спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстар өткізу жоспарда бар, – деді кандидат әрі облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.Аталмыш іс-шаралар спортпен жүйелі түрде айналысатын аймақ тұрғындарының үлесін 12,9 пайыздан 13,5 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
– Партия өмір сапасын арттыруға қатысты кез келген ұсынысты қолдайды және жүзеге асырады. Сондықтан азаматтық ұстанымдарыңыз айқын деп ойлаймын. Сайлауда «AMANAT»-ты қолдап, дауыс беріңіздер! – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді