«AMANAT» партиясы атынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Ерлан Дәкенов, Константин Коло, Бибігүл Ысқақова «Эталон», «Ақ жол» базарларын аралап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Мына қымбатшылық халыққа оңай тиіп тұрған жоқ. Бүгін «Эталон» базарын аралап, елмен хал-жағдай сұрасып, оған тағы да көз жеткіздік. Сол себепті де сайлауда жеңіске жетіп жатсам, халықтың мұң-мұқтажын көтеретін боламын»,– дейді Бибігүл Ысқақова.
Үміткер халықтың тағдыры өз қолында екенін, сондықтан жайлы қоғам құруға ұмтылған адамның сайлауда мемлекеттің болашағы үшін дауыс беруі міндетті екенін еске салды. Сондай-ақ жұртшылықты жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
«Бұған дейін қалалық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты болдым. Онда елдің әлуметтік-экономикалық мәселелерімен айналыстым. Студент күндерім де елордада өтті. Сондықтан қаланың жағдайын жақсы білемін. Өзімнің көрген-түйгендерім, көкейде жүрген ойларым бар», – деді Ерлан Дәкенов.
Е.Дәкенов жақында ғана «AMANAT» партиясының Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша филиал төрағасы болып сайланды. Үміткер алдағы уақытта партия бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тынбай еңбектенетінін жеткізді.
Партиялық тізімі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған үшінші үміткер Константин Коло тұрғындардың өмірін жақсарту үшін күш-жігерін аямайтынын айтты.
«Біздің инвестициялық-құрылыс компаниясы тұрғын үйлерді де, коммерциялық ғимараттарды да салумен айналысады. Елордадағы көптеген нысандарды салдық. Құрылыстың көрер көзге көркем, адамдар өмір сүруіне қолайлы болуы үшін ең бірінші жұмыс сапасына мән береміз», – деді К.Коло.
Үміткер көпшілікті 19 наурыз күні сайлауға келіп, дауыс беруге шақырды.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді