«АMANAT» партиясы елімізде алғаш рет көзі нашар көретіндер үшін Брайль шрифтімен үгіт-насихат баспа материалдарын дайындап шығарды. Астана қаласындағы «Қазақ Зағиптар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 450-ден астам мүшесі бар. Оның 65 проценті – егде жастағылар. «АMANAT» партиясы атынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Ерлан Дәкеновпен сайлаудың маңыздылығы талқыланған бұл кездесуде қоғамдағы түйткілді мәселелер көтерілді. Барлық санаттағы азаматтардың мүмкіндігі тең екені айтылды.
«Сайлауалды бағдарламалар Брайль шрифтімен басып шығарып, кітапханаға келушілеріне таратылды. Бүгінгі кездесуде мүгедектігі бар азаматтар пандус, инватакси, жәрдемақы мәселелерін көтерді. Астана ең бірінші, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы қала болуы тиіс. Осы мақсатта партияның берері мол», – деді Астана қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Дәкенов.
Үгіт-насихат материалдары арнайы Брайль шрифтімен жазылған. Сайлау учаскесіне баруға шамасы келмейтіндер үшін жылжымалы жәшік жеткізіледі. Тұрғындар кездесу барысында көптеген сұрақтарына жауап алды. «АMANAT» партиясы алғаш болып қолға алған брайль шрифтімен әзірленген үгіт-насихат материалдары барынша таратылуда. Бұл әдіс бұрын-соңды тәжірибеде болмаған.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді