Саудагерлер мәселесі ескерілді
Саудагерлер мәселесі ескерілді
368
оқылды
«AMANAT» партиясының атынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Константин Коло «Әсем» базарының еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат  «AMANAT» партиясының атынан сайлауға түсу өзі үшін үлкен жауапкершілік екенін айтты. Сондай-ақ саудагерлермен сөйлесіп, оларды толғандырған мәселелерді білді. Тұрғындар қоғамдық көлік кестесіндегі ұзақ үзілістерді айтып, щағымданды. Депутат бұл мәселені назарға алғанын жеткізетінін мәлімдеді. – «Жастарды жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, қала проблемаларын шешуге, спортпен және қоғамдық қызметпен айналысуға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Астана қаласының табысты дамуының кепілі мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. Сіздерге жұмыстарыңыздың жемісін берсін. Мен Қазақстанның әрбір азаматы бақуатты, алаңсыз өмір сүріп, ештеңеден таршылық көрмесін деп тілеймін. Сайлауда белсенділік танытып, дауыс беріңіздер!» – деді Константин Коло. «AMANAT» партиясы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 1200 астам жобаға қолдау көрсетуді мақсат еткен. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 25 жобаны қолдау қарастырылды. Өңдеу өнеркәсібінің үлесін 10%-ға арттыру, 3000 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету жоспарланған. Мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсету көзделіп отыр.   Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді