Ауылдардағы өмір сүру деңгейін арттыру курсы
Ауылдардағы өмір сүру деңгейін арттыру курсы
377
оқылды
Өздеріңіз білетіндей, алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына сайлау шеңберінде үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін депутаттыққа кандидаттар Гүлнар Бижанова, Юрий Жулин және Игорь Жабяк Қарағанды облысы, Абай ауданы,  Жартас ауылы мен Қарағанды кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Олар "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында негізгі аспектілердің бірі – ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру, жас және перспективалы мамандарды тарту, еңбек жағдайларын жақсарту стратегиясы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, партияның сайлауалды тұғырнамасының маңызды басымдықтарының бірі – инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Жұмыс қазірдің өзінде басталып, оң өзгерістер байқалатынын айта кетуге болады. "AMANAT" партиясының кандидаттары өздерінің сайлауалды бағдарламасында ауылдарда тұратын адамдардың әл-ауқатын жақсарту маңызды аспект екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығын дамытумен айналысатындар, біздің өңірдің экономикасына оң үлес қосатындар жан-жақты қолдау алуы тиіс. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «біз өз өндірісімізге басымдық беріп, облыс пен елді жергілікті өндіріспен қамтамасыз етуіміз керек» екенін бірнеше рет атап өтті. Ауыл шаруашылығын дамыту саласында негізгі өзгерістер орын алуда. Кандидаттар партия ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар кешенін қабылдауды мақсат етіп қойғанын атап өтті.  

Тапсырыс беруші: Б.К. Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді