Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына «АМАNАТ» партиясынан үміткер Құдайберген Бекенов «Кеңес Жиһаз» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
– «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында ақтөбеліктерді толғандырып жүрген өзекті мәселелердің барлығы қамтылған. Атап айтқанда, партия жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау шараларын көрсетеді. Сондай-ақ бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 22 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесіп, кемінде 3,5 мың жұмыссызды білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытуға ықпал ететін болады, – деді Құдайберген Бекенов.
Үміткер партияның алдағы бес жылда қандай жобаларды жүзеге асыратынын айтып берді. Құдайберген Бекенов партияның жыл сайын кемінде 8 мың жастың жұмысқа орналасуына жәрдемдесетінін, «Жасыл ел» жобасы аясында жыл сайын 1500-ге жуық жас жобаға қатыса алатынын атап өтті.
– Сондай-ақ, партия ақтөбеліктерді қолжетімді сапалы медициналық қызметпен қамтуға бар күш-жігерін салады. Алдағы 5 жылда облыста 42 денсаулық сақтау нысаны салынып, кемінде 100 мың адам скринингтік тексеруден өтеді. Сондай-ақ 400 медициналық құрал-жабдық сатып алу шаралары қолға алынады. Бұл шаралар 2027 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,5 жылға дейін ұлғайтуға, ғимараттардың тозуын 35 пайызға дейін азайтуға, жалға алынған және бейімделген үй-жайларда орналасқан медициналық мекемелердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, – деді үміткер.
Партияның сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізген кәсіпорын қызметкерлері бұл бағдарлама ақтөбеліктердің көп мәселесін шешетінін жеткізді.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында
партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау
қорының қаражатынан төленді