«AMANAT» республикалық сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе облысында өңір жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен және басқалармен кездесті. Өңір жұртшылығымен жүздесуге 300-ден астам адам қатысты. Онда штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үйге қолжетімділікті, сапалы білім беруді, инфрақұрылымды және жол жөндеуді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтары туралы айтты.
«Әділетті қоғамның ажырамас бөлігінің бірі – заң үстемдігі. Барлық жерде – әр қала мен ауылда, жолдар мен аулаларда, ғимараттар мен қоғамдық орындарда, үйде және отбасында қауіпсіз болуы керек. Ол үшін әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі тиіс», – деп атап өтті штаб мүшесі Бердібек Сапарбаев.