Агитациялық кезеңде Жамбылда аманаттықтар белсенді жұмыс жүргізді
Агитациялық кезеңде Жамбылда аманаттықтар белсенді жұмыс жүргізді
401
оқылды
Бір айға созылған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауының үгіт-насихат жұмыстары Жамбыл облысында қызу жүргізілді. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы тарапынан сайлауалды штабы құрылды. Сонымен қатар аумақтық филиалдар жанынан да дәл осындай штабтар құрылып, белсенді жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар да үгіт-насихат шараларында қызу жұмыс атқарды. Штаб басшысы Дауыл Бейсенқұлов бастаған топ пен кандидаттар  үгіт-насихат жұмыстары аясында 8 мыңнан астам іс-шара  өткізіп, 692 мыңнан астам адамды қамтыды. Ал өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарының 397 іс-шарасына 101 700 адам қатысты. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың 1 041 шарасы өтіп, 82 834 адам қамтылды. Тараз қалалық және аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың 6 370 үгіт-насихат кездесуіне  508 305 адам қатысты. Жалпы, үгіт-насихат жұмыстары облыс, аудан орталықтары мен мекемелерден бөлек, ауылдарда да ұйымдастырылды. Аймақтағы барлық ауыл назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар сауда орталықтары мен базарлар толығымен қамтылып, «Есіктен есікке» акциялары жоғары деңгейде өтті. Ол жиындарда штаб мүшелері мен кандидаттар «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын барынша жеткізді. Сондай-ақ  бағдарламадағы басым бағыттарды жан-жақты талқылап, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинақтады. Айта кетерлігі, халықтың жеткізген ұсыныстары партия назарынан тыс қалмайды. Яғни, шешілуі тиіс мәселелер Жол карталарына енгізіледі. Агитациялық кезеңде облыстық штабтың қоғамдық қабылдау бөлімі де барынша жұмыс істеді. Атап айтқанда, қоғамдық бөлмелерінде 255 қабылдау өтіп, онда 797 адам қабылданды. Қабылдаулар барысында 723 аманат пен ұсыныс түсті. Саяси науқанда ұйымдастырылған агитациялық шаралардың барлығы әлеуметтік желі мен жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Облыстық телеарнада партияның агитациялық видеоролигі 168 рет, облыстық және республикалық радиоларда аудиоролик 784 рет эфирге шықты. Сондай-ақ облыстық газетке 6 мақала, жергілікті және республикалық сайттарға 135 ақылы мақала  жарияланды. Бұдан өзге, 4 облыстық және 2 республикалық сайтқа агитациялық веб-баннерлер орналастырылды. Үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде де жүргізу аса маңызды. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат кезеңі басталғалы 3 150 пост жариялады. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде партия мүшелері 100 мыңнан аса пост жариялады.   Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді