Сайлау – 2023: Мекенжайы бойынша тұрақты тіркелмеген азаматтар қалай дауыс береді?
Сайлау – 2023: Мекенжайы бойынша тұрақты тіркелмеген азаматтар қалай дауыс береді?
Фото: gov4c.kz
876
оқылды
Сайлау күні ХҚКО қызметкерлері азаматтарды сайлау учаскесіне тіркейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 19 наурызда сайлау күні дауыс беретін азаматтардың белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі болмаса, онда олар өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады. ХҚКО мамандары азаматтарға тіркелу мәселесі бойынша қызмет көрсетеді. Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Оның ішінде, 188 учаскеде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады. Қазақстандықтардың азаматтық борышын өтеп, қалаған кандидаттарын таңдауына мүмкіндік бар. ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейді. Ескерер жайт, 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады. Бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады. ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады.