«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуға барлық жағдайлар жасайтын болады. Бүгін кандидаттар Дүйсенбай Тұрғанов пен Фатима Тулеева «Атырау су спорт түрлері» ұжымымен кездесу барысында спорт саласына қатысты мәселелерді кеңінен қозғады.
Басқосуға қатысқандар егде адамдарға арналған спорт түрлерін дамыту қажеттілігі туралы айрықша атады. Жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар жолға қойылып, бір ізге түсе келгенін атаған олар жасы ұлғайған адамдар да ұмыт қалмаса екен дейді.
Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы «AMANAT» партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді