ҚХП: Әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек
ҚХП: Әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек
©halykpartiyasy.kz
419
оқылды
13 наурызда «Қазақстан аналары бірлестігі» қорының жетекшісі, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Гаухар Танашева Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылының тұрғындарымен кездесті. Мақсат – Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру. – Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығуын 61 жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды. Біз әйелдердің құқығын парламентте қорғайтын боламыз, – деді Гаухар Танашева. Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығаруды талап етеді. Кездесуде денсаулық саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Еліміздегі жұмыссыздыққа байланысты көптеген азаматтар МӘМС төлеуге қауқарсыз. Осының салдарынан көп адамдар медициналық көмекті ала алмай отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сақтандыру көпбалалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін баласы бар және толық емес отбасындағы аналарға аса қажет. Партия өкілі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында бәйтеректіктерді Халық партиясына дауыс беруге шақырды.