Жамбыл облысының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
Жамбыл облысының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
993
оқылды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауда өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады. Аймақ басшысы Тараз қаласының «Астана» (12) шағынауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Бұл учаскеде 2809 сайлаушы тіркелген. Облыс әкімі бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды. Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, олардың барлығында дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.