Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі ашық
Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі ашық
545
оқылды
Қарағанды облысында таңғы жетіде сайлау учаскелері ашылды. Өңірде олардың саны 654. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау бойынша дауыс беру басталды. 700 мыңнан астам сайлаушы өзінің конституциялық құқығын іске асыра алады, оның ішінде алғаш рет дауыс бергендер – 13 мыңға жуық. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайлар жасалды, оларға инватакси қызметі ұйымдастырылды. Өңірде 863 сайлау комиссиясы жұмыс істейді: облыстық, аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялар. Қарағанды облысында пропорционалды-мажоритарлық жүйені қолдана отырып, мәслихаттарға 214 депутат және мәжіліске екі депутат сайланады. Дауыс берушілер түрлі түсті бес бюллетень алады. Мәжіліс депутаттарын партиялық тізімдер бойынша таңдау үшін – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл. Облыстық мәслихатқа дауыс беру үшін күлгін және қызғылт сары түсті, қалалық және аудандық мәслихаттарға – сұр түсті бюллетеньдер беріледі. Әр бюллетеньде «барлығына қарсы» жолағы бар. Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар бақылайды.