Қарағанды қаласының медициналық университеті ректорының кеңесшісі, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский сайлауда дауыс беру маңызды міндет деп санайды.
– Бүгін біз маңызды міндеттерді жүзеге асырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады деген кандидаттар мен партияларға дауыс бердік. Тұрақты дамуға үлес қосу – ел игілігі жолындағы барлығымызға ортақ жұмыс. Қазақстанның күші – бейбітшілік пен тыныштықта, тұрақтылық пен өзара сыйластықта. Елімізде мәдениетке, салт-дәстүрге деген құрмет жоғары. Бұл – біздің мемлекетіміздің мықты тұсы болды және бұдан кейін де нығая түсуі тиіс. Сондықтан, біз сайлаған депутаттар мен дауыс берген партиялар осы құндылықты бағалап, нығайтуға міндетті. Біз өзіміз сайлаған депутаттардың жұмысын қадағалаймыз. Ықпалды Парламент және жергілікті жерлердегі күшті мәслихаттар сайлаушылардың үмітін ақтауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекет пен халық мүддесі қашан да бірінші орында. Бұл – өте маңызды. Сондықтан, депутаттар халықтың тыныс-тіршілігін үнемі сезініп, соған сай әрекет ететініне сенімдімін. Ол үшін адал, жауапты және сындарлы жұмыс жасалуы тиіс. Сондай-ақ, Парламентте немесе мәслихаттарда қандай орын алатынына қарамастан өзара бірлесе жұмыс жасалғаны абзал. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің игілігі үшін атқарылатын шаруалар. Бүгінгі күн өте маңызды. Дауыс беру – әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз! – дейді Вилен Молотов-Лучанский.