Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Даниэль Кавчински Ұлыбританияға үлгі ретінде алуға болатын Қазақстандағы сайлаудың ерекшеліктерін атады.
«Біз Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді үнемі бақылап отырамыз. Келешекте заң үстемдігі, адам құқығы бағыттарында серіктестікте жұмыс істегіміз келеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, қысқа уақыт ішінде демократияны қалыптастары білген Қазақстан халқына алғыс білдіремін», - деді ол.
Даниэль Кавчински елдегі сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да атап өтті. Осы ретте ол Қазақстаннан үлгі ретінде алуға болатын ерекшеліктерге тоқталды.
«Біріншіден, сайлау жексенбі күні болып жатыр. Ал бізде сайлау үнемі бейсенбі күні өтеді. Ал ол жұмыс күні, сондықтан көбінің қолы босамай жатады. Ал, сіздерде демалыс күні өтеді және адамдарда сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар біз 10-нан астам сайлау учаскесінде болдық. Бәрінде де медицина қызметкерлерін кездестірдік. Бұл әсіресе, учаскелерге келетін егде жастағы азаматтарға өте қажет деп есептеймін. Менің ойымша, бұл сайлаудың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын білдіреді. Өз елімінің үкіметіне осы шаралар туралы міндетті түрде айтамын. Бұл тәжірибе бізге де қажет деп есептеймін.
Тағы бір ерекшелік сайлау учаскелерінде музыка ойнап тұруы. Бұл да маған қатты ұнады. Бізің еліміздегі сайлау учаскелерінде барлығы ресми өтеді, ешкім мұндағыдай көтеріңкі көңіл-күйде жүрмейді. Ал Қазақстанда сайлау ерекше жеңіл атмосферада өтіп жатыр. Мен өзімнің байқау миссиямда Қазақстаннан көп нәрсені үйреніп жатырмын», - деп қорытындылады Даниэль Кавчински.