8 наурызда Түркіменстанда қыз-келіншектерге үш доллардан беріледі
8 наурызда Түркіменстанда қыз-келіншектерге үш доллардан беріледі
Фото: Интернеттен алынды
934
оқылды
Халықаралық әйелдер күніне орай Түркіменстанда әйелдерге үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, – деп жазады Түркіменстан хроникасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  Дереккөздің жазуынша, бұл туралы 27 ақпанда Үкімет отырысында мәлім болды. Мұндай тапсырманы президент Гурбангулы Бердімухамедов Экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелді Мушшиковқа берді. Түркіменстан әйелдері халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (Түркіменстанның валютасы ­– ред.) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл шамамен үш долларға тең. Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі. Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.