Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов Қазақстандағы парламенттік сайлау қалыпты жағдайда өткенін айтты.
«Сайлау учаскелерінде көргенімізден алған әсеріміз тамаша. Бәрі біркелкі, жоғары деңгейде, легитимді түрде өтті. Өзіміз болған сайлау учаскелерінде құқық бұзушылықты байқамадық», - деді Логвинов.
Сондай-ақ байқаушыларға сайлаушылар тарапынан ешқандай шағымдар түспегенін атап өтті.
Логвиновтың айтуынша, ШЫҰ бақылаушылары 5 саяси партияның штаб-пәтеріне барған. Одан бөлек қарапайым азаматтармен де сұхбаттасқан. Бәрі де өз еркімен, ел болашағы үшін дауыс бергендерін жеткізген.