«Осындай пайдалы іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Осылайша жергілікті коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ аула аумақтарын тазалауда мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтеріне өз қолдауымызды көрсетеміз. Партияның экологиялық акцияларын біздің филиал тұрақты негізде өткізіп келеді, бірақ дәл осындай акция алғаш рет ұйымдастырылды», – деді «Жастар рухы» аймақтық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.Айта кету керек, акция барысында белсенділер тек «AMANAT» партиясының үгіт-насихат материалдарын ғана жинайды. Олар сондай-ақ басқа партиялардың өкілдері мен бір мандатты округтердегі кандидаттарды да акцияға қосылуға үндеді. «AMANAT» партиясы Петропавл қалалық филиалының төрайымы Әсемгүл Ахметованың айтуынша, сайлауалды кезеңде кейбір дүкен иелерінің үгіт-насихат материалдарын жапсыруға қарсылық білдіруіне кейін оның тазаланбай қалатыны себеп. «Сондықтан оларды да түсінуге болады. Желімделген парақшаларды тазалау әжептәуір қиындық туғызады. Сол себепті біз мұндай акцияға қуана қатысамыз әрі қолдаймыз», – деді Әсемгүл Рахметдуллақызы.
«Бұл – біреудің еңбегін құрметтеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі. Біз үгіт материалдарын тек жұлып алып тастамай, сұрыпталғаннан кейін оларды қайта өңдеуге жіберуге ниеттіміз», – деп атап өтті Біржан Құдайбергенов.Акция екі күнге созылады.
Солтүстік Қазақстан облысы