Республикалық тазарту акциясы Ақмола облысында да кеңінен қолдау тапты. «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен сайлау додасынан кейінгі үгіт-насихат парақшалары мен үнпарақтар қала көшелерінен тазартылып жатыр.
Шараға «AMANAT» партиясының мүшелері де белсене қатысып қала көшелерінде жапсырылған материалдарды жинастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Жалпы сайлау додасына дейін өңірде 485 жастың қатысуымен жалпы саны 112 мыңға жуық үгіт-насихат парақшасы жабыстырылды. Ал бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі мен жергілікті мәслихатқа үміткерлердің 173 мың үгіт-насихат материалы таратылыпты.
Оған қоса Ақмола облысы бойынша сайлауалды үгіт-насихат бойынша 13 мың іс-шара өткізіліп, онда 500 мыңға жуық азамат қамтылды.