Бокстан ӘЧ: Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті
Бокстан ӘЧ: Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті
© instagram.com/boxingkazakhstan
548
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық боксшы 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен жұдырықтасты. Мәдина бірден жекпе-жек тізгінін қолға ала білді. Үшінші раундта тіпті қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімі – 5:0, жеңіс М.Нұршаеваның пайдасында.