Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Фариза Шолтай жеңіске жетті.
Ел құрамасынан Фариза Шолтай (81 келі) ширек финалда кениялық Элизабет Адиамбо Андиегомен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша, жартылай финалға шықты.