Абай университеті екі мамандық бойынша үздік жүздікке кірді
Абай университеті екі мамандық бойынша үздік жүздікке кірді
1,827
оқылды
Биыл 22 наурызда QS World University Rankings by Subject 2023 кезекті пәндік рейтингі жарияланды. Рейтингке 161 елден 1594 жоғары оқу орындары қатысты. Соңғы уақытта QS World University Rankings by Subject маңыздылығы мен ықпалы күшейе түсуде, өйткені белгілі бір университетті таңдағанда студенттер жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісімен қатар оларды қызықтыратын пәндік салалар (мамандықтар) бойынша рейтингтерге ерекше назар аударады.    width= QS World University Rankings by Subject рейтингіне 5 санат бойынша топтастырылған 54 пән кірді. Рейтинг әдістемесі бес негізгі көрсеткіштің негізінде құрылады: Академиялық бедел, Жұмыс берушілер арасындағы бедел, Дәйексөз, H-index және Халықаралық зерттеу ынтымақтастығы. Пәндер жаһандық және елдік (аймақтық) деңгейде бағаланады. QS WUR by Subject 2023 қорытындысы бойынша Абай университеті екі санат бойынша үш мамандық бойынша өз позициясын жақсартты.    width= «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» санатында университет өз позициясын жаһандық рейтингте 297-ден 278-ге дейін жақсартты және рейтингке қатысқан отандық жоғары оқу орындары арасында 3-орынға ие болды. Осы санаттың егжей-тегжейлі бөлінісінде мынадай нәтижелерді атап өткен жөн: «Ағылшын тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша университет жаһандық рейтингте 95-орынға ие болып, ТОП-100-ге кірді. Айта кету керек, бұл мамандық бойынша университет өткен жылы рейтингке ие болған жоқ, алайда биылғы жылы 2021 жылдың нәтижесін жақсартып (201-250 орын) өзінің үздік позицияларын қайтарды. «Лингвистика» мамандығы бойынша осы санатта университет өткен жылмен бірдей позицияны ұстанды – әлемнің жоғары оқу орындары арасында 201-250 орын және Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 3 орын алды. «Білім және оқыту» мамандығы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» санатында университет жаһандық рейтингте 76-орынға ие болды, бұл Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 1-орынға сәйкес келеді. Осы мамандық бойынша университет соңғы үш жыл ішінде тұрақты оң динамиканы көрсетіп отырғанын мақтанышпен атап өтуге болады. QS WUR by Subject 2023 университет жетістіктерінің динамикасы оны жоғары білімнің жаһандық академиялық кеңістігіне табысты интеграциялаудың, бәсекеге қабілеттіліктің және педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы ұлттық брендтің танымалдылығын арттырудың көрсеткіші болып саналады.