Жыршы-термешілердің алғашқы фестивалі
Жыршы-термешілердің алғашқы фестивалі
1,011
оқылды
Астанада Жыршы-термешілердің халықаралық фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан және Қыр­ғыз елінен жыршы-жыраулар қатысты. Фестивальге қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­керлері: Алмас Алматов, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңа­бергенова, мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, мәдениет саласының үздіктері: Елікбай Иса, Фархат Оразов, Қайрат Кәкімов, халық жыршысы Жәнібек Пиязов, Тоғаев Бахшикул (Өзбекстан Республикасы), Қырғыз Респуб­лика­сы­ның еңбек сіңген артисі Сыдыков Дөөлөтбек және тағы да бас­қа өнер майталмандары танымал жыр, терме, толғау, дас­тан­дарды орындады.
«Жыраулық, жыршылық өнер – халқымыздың мыңжылдық мәдени мұрасы. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат – атадан балаға мирас болып жеткен ұлттық өнерді дәріптеу, бауырлас түркі халықтарымен мәдени ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мәдениет және спорт министрлігі жастарды жыраулық өнерге баулып, онымен ғылыми тұрғыда айналысуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын болады», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.