Моңғолия президенті Қытайға барған сапарынан соң карантинге жабылды
Моңғолия президенті Қытайға барған сапарынан соң карантинге жабылды
© newsroom.kz
1,092
оқылды
Моңғолия президенті Халтмаагиин Баттулга және оның қасындағы делегация мүшелері 27 ақпанға қараған түні Қытайдан оралды. Енді олар 14 күндік карантинді күтуде, -  деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі CA-News-ке сілтеме жасап. Президентке, Сыртқы істер министрлігі мен Мемлекеттік төтенше жағдайлар министрлігіне Баянзүрх ауданындағы екінші министрлік ауруханасында карантин қойылды. Ал мемлекет басшысына еріп жүрген басқа адамдар Жаргаланттағы санаторийде жатқызылды. Моңғолия президентінің жұмыс сапарында онымен бірге  Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар, Монғолияның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Ганхуяг, Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқарма бастығы Т. Бадрал, Президент Әкімшілігінің Басшысы В.Шижир және Президенттің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Т.Тағжаржар да барған.